Аудандық газеттегі кез келген мақалада айтылған ой мен жазылған пікірлерді, мақалаларды үзбей оқимын.
Соның ішінде, соңғы жылы газет бетінен көрініс берген «Оқырман және біз» беті оқырмандардың көңілінен шығуда. Осы орайда, менің айтпағым Е.Нұршаев ықшам ауданында ашылған балаларға арналған ойын-сауық алаңына күнбе-күн ұлдарымды алып барамын. Өйткені, балалардың үйде отырғанынан гөрі уақытын қызықты әрі пайдалы өткізгені қай-қай ата-ана үшін де маңызды. Алайда, сол ойын-сауық алаңы бүгінде сауда-саттық мекеніне айналды. Мәселен, мақта мен попкорннан бастап, қауын-қарбызға дейін сатылады. Оны көрген балаларымыз ойынды ұмытып, сол тәттілерге назары ауады. Барлығына бақылау жасалғаны дұрыс. Себебі, балаға көріп тұрған затын алып бермесең, жылап ата-аналардың, яғни өзіміздің берекетімізді алады. Ал, оны алып берейін десең, ешқандай рұқсат қағазы жоқ болғандықтан ол бала өмірі үшін қауіп төндіреді.
Айдана БЕЙСЕНБІ,
Миялы ауылының тұрғыны.