Таяуда аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен аудандық «Айгөлек» байқауы болып өтті. Оған қатысқан «Нұр-Шуақ» бөбекжай- бала бақшасының тәрбиеленушілері ерекше өнер көрсетті.
Атап айтсақ, «Көбелек» мектепалды дайындық тобы тәрбиеленушілері Нұрислам Шәкен, Нәзікен Сайын, Нұрислам Аман, Айқаракөз Сырым, Мерейім Нұрлан, Әли Қайыр, Ибраһим Айдынғали, Айзат Амантұрлы, Қасым Жетпіс, Адина Аманкелді, Айсұлтан Қайырбекұлы, Ақбөбек Қожахмет, Дастан Рүстемұлы, Лилия Әбдіғаппар, Нартай Елтайұлы, Мерей Асқарқызы, Айсезім Бердіғали, Әлинұр Еламаннан құралған «Нұр-Шуақ» оркестрі «Көңілді оркестр» әуенге қойылған қойылымын орындап І орынды жеңіп алса, «Қарлығаш» ересек тобы тәрбиеленушілері Аружан Бақытжан, Айназ Амангелді, Айдария Асқар, Шахназ Берікқызы, Тахмина Ғазым, Іңкәр Сансызбай, Қадырхан Молдағалидан құралған «Нұр-Шуақ» бишілер тобы «Том и Джерри» биімен ІІ орынды иеленді. Сонымен қатар, бүлдіршіндерді байқауға дайындаған музыка жетекшісі Гүлдана Смағұлова мен хореограф Жұлдызай Нұрболатқызы аудандық әдістемелік орталық атынан арнайы дипломмен марапатталса, тәрбиеленуші бүлдіршіндерге сыйлықтар табыс етілді.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА