Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«АЙГӨЛЕКТЕ» ТОП ЖАРҒАН БҮЛДІРШІНДЕР

Жақында, аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылығының аудандық «Айгөлек» фестивалі өтті.

Оған «Жасұлан» бөбекжай балабақшасының бүлдіршіндері де қатысып, бақтарын сынады. Атап айтсақ, «Хореография» номинациясы бойынша Ләззат Қапанованың жетекшілігімен «Сиқырлы кітап» биін ұсынған Амина Абат, Шапағат Ғұбайдуллин, Асылым Бауыржан, Кәусар Ерлан, Ақнәзік Марат, Оқас Кәусар, Амира Сергей, Аделя Марат атты мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері тамаша өнер көрсетіп, І орынды жеңіп алса, «Көркемсөз» номинациясы бойынша ересек " Құлыншақ" тобының тәрбиеленушісі Әміре Мұханбет III орынға ие болды. Жетекшісі Баймуханова Жанаргулдің еңбегі зор.

Жүлделі орын алған бүлдіршіндерге аудандық әдістемелік орталығы атынан ойыншықтар беріліп, арнайы диплом табыс етілді.

Айнұр НҰРҒАЛИЕВА,

«Жасұлан» балалар бақшасының

психологі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521