Осындай тақырыпта, аудандық балалар кітапханасында Аналар күніне орай ертеңгілік өткізілді.
Кеш барысында, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің 3 «в» сынып оқушылары өздеріне өмір сыйлаған аналарына деген сезімдерін өлең, тақпақпен әрлеп жолдады. «Ана – өмір шуағы», «Рахмет саған – Ана» тақырыптарында эссе жазып, «Анашым» сөзінен бірнеше сөз құрастырды. Ел тарихында бір отбасының, не бір әулеттің ғана емес, бүкіл бір халықтың анасына айналған ұлы аналар туралы деректі мәліметтер беріліп, тарихи әңгімелер айтылды.
Өз тілшіміз