Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

«Назар аударыңыз жаяу жүргінші» акциясы бойынша әскери қызметшілердің әкімшілік жауаптылығы

Қазіргі таңда Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен әскери қызметшілер арасында көптеген іс-шаралар, акциялар жүргізілуде.

Осындай акциялардың бірі «Назар аударыңыз жаяу жүргінші» деп аталады. «Тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» принципін іске асыру бойынша 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы талаптарды орындау және әскерлерде профилактикалық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу мақсатында, әскери қызметшілердің әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тәуекел ету немесе оқталу іс-әрекеттерін алдын алу болып табылады.

Акция барысында, Атырау гарнизонының әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу қажеттілігі, құқық бұзушылық орын алған жағдайда қызметкердің жеке басы мен отбасылық қаржылық жағдайына едәуір әсер ететіндігі түсіндірілуде. Әсіресе аса назар аударатын, көп орын алатын жағдайлардың бірі көлікке масаң күйде отырып тәртіп бұзу жағдайлары. Осы тұста көптеген түсіндірулер жүргізіліп, аталған жағдай орын алған кезде қаншалықты ауыр тиетіндігі түсіндірілді. Осындай түрлі жағдайларды болдырмаудың амалы ол тәртіп бұзбау екендігі анық. Қазіргі кезде, Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің қызметкерлерімен атқарылған профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде әскери бөлімдер мен мекемелерде әскери қызметшілердің құқықтық саналары ұлғайып, әскери тәртіптің жағдайы әлде қайда жақсарғаны барлығымызға белгілі. Қорыта келе жалпы осы іс-шаралар, түсіндіру жұмыстары өз нәтижелерін беріп, құқық бұзушылықтар саны азаюда.

 

Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесінің (әкімшілік тәжірибе) офицері әділет капитаны Бактияр Дауренкулов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT