Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰМЫТ БОЛҒАН ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАР КӨРМЕСІ

Аудандағы Арыс сауда орталығында Ұлыстың ұлы күніне орай, ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар көрмесі мен ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Аталмыш шара аудандық кәсіпкерлік бөлімімен бірлесе ұйымдастырылды.  Оған Миялы, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр ауылдық округтерінің кәсіпкерлері мен жергілікті шаруа қожалықтары қатысты, Көрмеде сүбе, жаужүрек, быламақ сынды ұлттық тағамдар қайта жаңғыртылса, ал жәрмеңкеде ет-сүт өнімдері мен қой, сиыр еттері, кондитерлік тағамдар қолжетімді бағада сатылды.

Шара соңында көрме-жәрмеңкеге белсене қатысып, ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарымызды жаңғыртуға атсалысқан жергілікті кәсіпкерлер Ғарифолла Атырауұлы, Үмітгүл Жолдыбайқызы, Шолпан Камиқызы, Айнұр Талғатқызы, Арайлым Мұратқызы мен Роза Рахметтоллақызына ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттар табыс етілді.

Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз