Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МӘНІ ЕРЕКШЕ КҮН

Дүниежүзілік сайлау күніне орай, аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында жиын өтті. Оған мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері мен учаскелік сайлау комиссия мүшелері қатысты.

Жиынды ашып жүргізген аудандық мәслихат депутаты Жәнібек Кенжин:

– Дүниежүзілік сайлау күнінің мақсаты – сайлаушылардың белсенділігін арттыру. Бұл күннің бәріміз үшін мәні ерекше. Сайлауда әркімнің дауысы маңызды. Оған қатысу кез келген азаматтың азаматтық борышы,-деді.

Одан соң ол ауданда өткізілген сайлау жұмыстарына белсенділікпен қатысқан сайлау учаскелерінің мүшелері Жаңылсын Оразғалиева, Нұржамал Мәдіғалиева, Толқын Бақтыгереева, Гүлжамал Құлбаева, Гүлмира Махметоваларға аудандық мәслихат төрағасының Алғыс хатын табыс етті.

Бұдан кейін сөз алған аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов мерекенің мән-маңызына тоқталып, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатын Лаура Ғарипуллина мен Мәдина Таниеваға табыстады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT