Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Мешітте күнде ауызашар берілуде

Қасиетті Рамазан айы басталғалы Миялыдағы «Бәйтерек» мешітінде жылдағы дәстүрмен ауызашар беру рәсімі биыл да жалғасуда.

Рамазан айының алғашқы ауызашарын мешіт ауласына асхана салып берген 30 жылдық түлектер берсе, содан кейін мешіт жамағаты мен ауыл жастары ауызашар «эстафетасын» жалғап алып кетті. Биылғы ауызашардың бір ерекшелігі – келген жамағат тек қана ас ішіп, уағыз тыңдап кетпей, түрлі сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болып жатты. «Бәйтерек» мешітінің бас имамы Мұрат Сұлтанов:

– Биылғы Рамазан айы жылдағыдан ерекше өтіп жатыр. Бұрын ауызашар мешіт ауласындағы киіз үйде өтсе, қазір түлектер салып берген өзіміздің асханамыз бар. Ауыл жастары асхана ішінде күн сайын дастарқан дайып, жамағатқа ауыз аштыруда. Ауызашар беруге шамасы жетпегендер «Мешіттің керегіне жаратарсыз» деп ақшалай беріп кетіп жатыр. Ауызашардан бөлек мешітке кітап, түрлі техникалық құрылғылар сыйлап жатқан жастар да бар. Ал, биыл мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектер мешітке электронды табло қондырып берді. Жастар мен мешіт жамағатының игі ісін жақында аудан әкімі де жалғастарып, мешітке келіп ауызашар берді, – деп, ағынан жарылды. Ендеше қасиетті Рамазан айында жасалып жатқан сауапты істер өзгелерге де үлгі болып, жыл сайын жалғаса берсін демекпіз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT