Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «АМАNAT» партиясы фракциясының мүшесі Сәлімжан Нақпаев Қызылқоға ауданына іссапармен келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті.

Кездесуге мәжіліс депутаттан бөлек «АМАNAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы, штаб төрағасы, Толқын Бейсқали, аудандық мәслихат хатшысы, штаб төрағасының орынбасары Альберт Аққайнанов, штаб мүшелері Сәндігүл Дәуленова, Беркінбай Сұлтанов, Айдана Жетібаева, Ризабек Амантаевтар қатысты. Алдымен Сағыз ауылына ат басын бұрған халық қалаулысы «Шұғыла» мәдениет үйінде ауыл тұрғындарына 5 маусым күні өтетін республикалық референдумның мән-маңызы туралы айтып берді.

40aca0d3-fe34-4702-b689-8317a4fb2d9b

–Баршаңызға белгілі ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқы ассамблеясының сессиясында осы референдумның өтетіндігін хабарлады. Бұл референдумның мемлекет үшін, ұлт үшін маңызы аса жоғары. Себебі, референдум арқылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Оның ішінде президенттің өкілеттігін қысқарту, Парламент мәжілісі депутаттарының санын азайту сынды бірқатар өзгерістер бар. Сондықтан да осы референдумға бәріміз бір кісідей ат салысайық, - деді.

ff9a4cbf-5e3a-4084-9b75-c73d9cecb952 

Бұдан кейін сөз алған жергілікті тұрғындар ауылдың өзекті деген мәселелерін көтеріп, өз өтініштерін жеткізді. Дәл осындай жиын түстен кейін Миялы ауылындағы «Арман» мәдениет үйінде де жалғасын тапты.  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521