Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРҒА ТОЛЫ ЖӘРМЕҢКЕ 

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Арыс» сауда орталығы мен «Арман»  мәдениет үйінің фойесінде ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнім өндірушілердің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

«Арыс» сауда орталығында Атырау қаласынан келген «Дәулетияров» жеке кәсіпкерлігі бір тонна балық (жайын, мөңке (карас), сазан) балығын әкеліп, саудаға салды. Ал, «Арман» мәдениет үйінде өткен көрме-жәрмеңкеге миялылық кәсіпкерлер Нұрбек Қожағалиев өз цехынан дайындаған шұжық өнімдерін, Мейірхан Тұрғалиев «Ақсұңқар» тұщы ауыз суын, Ақсұлу Салықова сүт өнімдерімен бірге тары, сары секер әкелсе, Ойыл ауылдық округінен  келген кәсіпкерлер Анаргүл Қосыбаева шұбат, ет және жартылай дайын өнімдерді, Роза Құлтаева өз наубайханаларынан пісірілген нан өнімдерінің бірнеше түрін, Самал Шамарданова қой етін саудаға салды. Сондай-ақ, сағыздық кәсіпкерлер Гүлдәрі Алауова дайындап әкелген нан өнімдері, Ахат Өскенбай сөреге қойған сүт өнімдері (қолдың майы, шыжғырылған май, қаймақ, құрт) тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырды. Сонымен қатар, көздіғаралық кәсіпкерлер Айымгүл Тәжіғалиева, Гүлдария Адайбаева, жамбылдық Алмагүл Құрманғазиева, жангелдиндік Фаризат Кенжеғалиева, қызылқоғалық Камила Қонарбаева, мұқырлық Айгүл Жиентаева, тасшағылдық Жамал Жалғасбаева және тайсойғандық Бауыржан Шотықбаевтар әкелген наубайхана, кондитерлік өнімдері мен тары-талқан, қаймақ, айран, сары май, сары секер, ақ құрт, қайнаған құрттары да қолжетімді бағада сатылды. Сайып келгенде, бұл жәрмеңке  аудан тұрғындарының қолжетімді бағада сұраныстарын қанағаттандыруға, азық-түлік бағасының шектік бағада ұстауына зор септігін тигізгені анық.

Бауыржан ОҚАС  

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT