Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұлттық тағамдар ұлықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Наурыз мейрамын тойлаудың тұжырымдамасын дайындап, ұлық мерекені он күн бойы мәнді де, мағыналы етіп өткізуді тапсырған болатын.

Соған сай, 21 наурыз «Ұлттық тағамдар» күні болып белгіленіп, бұл күні аудан кітапханашылары ұлттық тағамдар дайындап, онлайн түрде көпшілік назарына ұсынды. ​Іс-шара барысында аудандық орталық кітапхана ұжымы наурыз көже тағамының дайындалу үлгісін көрсетсе, балалар кітапханасының қызметкерлері бал-қаймақты жасау жолдарын түсіндірді.

Аталмыш дәстүрді ауылдық және елдімекендегі кітапханашылар да жалғап, олар тары, бұжы, бауырсақ, кісе нан, сары май, ірімшік, сүзбе, әсіп, қымыз, асылған ет, шұбат, нарын, үлпершек, шұжық, талқан, құйрық-бауыр сынды тағамдардың қалай және неден жасалатынын түсіндіріп, өздері дайындап көрсетті.

Кітапханашылардың ұлттық тағамды дайындау әдісін онлайн түрде тамашалаған аудан халқы өздеріне керегін алып, шеберлік сағаты үшін оларға алғыстарын жаудырды.

Дулат БЕРІК

Сурет: ашық дереккөзден 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз