Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚҰТТЫ  ҚОНЫС БОЛҒАЙ!

Аудан халқын баспанамен қамту кезек күттірмес мәселелердің бірі екендігі белгілі. Бұл ретте, соңғы жылдары ауданда оң өзгерістер орын алуда. Жыл басында аудан орталығынан 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілсе, одан бөлек ауданға қарасты ауылдық округтердің барлығында жаңадан баспаналар бой көтеріп, үй кезегінде тұрған тұрғындарға беріліп жатыр. Соның бір айғағындай, Ойыл ауылдық округінде баспана табыстау рәсімі өтті. Оған аудан әкімі, аудандық мәслихат төрағасы, жауапты бөлім, мекеме басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты шараны ашқан аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

 – Тұрғын үй кезегінде тұрғандарды баспанамен қамту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауларында айтылған басым бағыттардың бірі. Соған сай, облыс әкімінің қолдауымен ауданда тұрғын үймен қамту жұмыстары жүйелі түрде қолға алынуда. Оған дәлел – 2022 жылы аудан бойынша 14 отбасы баспанамен қамтылса, биыл 150 отбасыны тұрғын үймен қамту жоспарын қойып отырмыз. Сол мақсатта жұмыстар жалғасып  жатыр. Осыдан 2-3 ай бұрын ғана Сағыз, Миялы ауылдарында 16 отбасы баспаналы болса, бүгін сондай қуанышқа жасқайраттық ағайын кенелмекші. Бұл игі дәстүр алдағы уақытта да жалғасын табады. Қоныс құтты болсын,  ағайын! - деген тілегін білдіріп, тұрғын үй кезегінде тұрған Жасқайрат ауылының 5 отбасына су жаңа баспананың кілтін табыс етті.

Бұдан соң ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мереке Айжарықов ауылдастарын жаңа баспанамен құттықтаса, «Шалқыма» мәдениет үйінің әншілері әннен шашу шашты. Жасқайрат ауылындағы аталмыш баспаналар көп балалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі жан және әлеуметтік жағынан аз қамтылғандар тобына жататын  тұрғындарға берілді.

 Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

AQPARATPRINT