Ұлттық валюта күні мерекесіне орай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында салтанатты жиын болып өтті. Қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысқан мерекелік жиында сөз алған аудан әкімі Қанат Әзмұханов:
– 1993 жылы еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валюта – теңгеміз қолданысқа еніп, ел тарихында маңызды оқиғалардың бірі ретінде жазылды. Сол кезден бастап теңге еліміздің саяси-экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін факторына айналды. Бүгінгі күні қаржы жүйесінің алдында халқымыздың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеті тұр. Бұл маңызды міндет қаржы саласы қызметкерлерінің тәжірибелері мен адал еңбегі арқылы атқарылып келеді. Кәсіби мереке қарсаңында сала ардагерлері мен қаржыгерлерге алғыс айта отырып, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, - деді.
Сондай-ақ, ол ұзақ жыл қаржы саласын басқарған, бүгінгі күні аудандық мәслихат аппаратының ұйымдық және заңнамалық бөлімінің басшысы лауазымындағы Құралай Сәлімгерееваны «Қызылқоға ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Әйгерім Бибозқызы, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманы Батырхан Есберген және «Шұғыла» мәдениет үйінің есепшісі Жанат Қаженді аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
Бұдан кейін салтанатты жиында сөз алған аудандық мәслихат төрағасы Толқын Бейсқали, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағидолла Яқып, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мади Ташимовтер құттықтау тілектерін білдіріп, Мұрат Панағожинге облыстық ардагерлер кеңесінің «Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісін және бір топ қаржыгерге Алғыс хат табыс етті.
Шара барысында «Арман» мәдениет үйінің әншілері Заманбек Абзалұлы, Хайролла Мәдиев, Жансұлу Зиманова және Бисұлтан Мұхтаровтар әннен шашу шашып, мереке иелеріне құрмет көрсетті.
Бауыржан САҚТАСЫНОВ