Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Өңірде жемқорлық қылмысы 41 пайызға азайған

«Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссия отырысында белгілі болды»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

Аймақ басшысы жетекшілік еткен жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау саласының басшылары, селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты. ⠀

Күн тәртібінде «Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану» және «Пара беру» сыбайлас жемқорлық қылмыстардың өсу мәселесі мен мониторинг нәтижелері қаралды. ⠀ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Қанат Сүлейменов бүгінгі таңдағы жемқорлық қылмысының көрсеткішіне тоқталды. «Егер 2020 жылы облыста жемқорлық деңгейі 12% төмендесе, ал ағымдағы жылдың 1 тоқсанында 41% төмендеді»,-деген Қ.Сүлейменов, дегенмен құқықтық статистикада парақорлық және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактісінің өсу тенденциясы жалғасуда екенін атап өтті. ⠀

Сондай-ақ, департамент басшысы бұл бағытта ішкі істер органы жүйесінде пара алу фактілерінің жиі кездесетінін жеткізді. Осы негізде өткен жылы 8 қылмыс анықталған. ⠀ Сонымен қатар, Махамбет ауданында жемқорлыққа қатысты 6 факт орын алса, Жылыойда білім саласы бойынша 3 факт тіркелген. Өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдеріне өз аумақтарындағы ахуалды бақылауда ұстауды тапсырды. ⠀ Оған қоса жиында мемлекеттік сатып алу саласындағы негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің бірі - тауарлар мен қызметтер бағасын негізсіз өсіру болып табылатыны айтылды. ⠀ «2020 жылы сатып алу саласында бағаларды асыра өсіру фактісі бойынша 31 бұзушылық анықталды. Енгізілген ұсыныстар негізінде бюджеттің 364 млн.теңге қаржысы үнемделді. ⠀

Мониторинг жүргізу барысында заң бұзушылықтар көбінесе денсаулық сақтау және білім беру салаларында жиі орын алатындығын көрсетті»,- деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыт. Ал, «Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Альфия Әдиеваның айтуынша, биыл 32 тұрғыннан ресми түрде, ал ресми емес тұрғыда 52 арыз шағым келіп түскен. 84 шағымның 13 білім беру саласына, 19 денсаулық сақтау саласына, 18 азық-түлік бағаларының тұрақсыздығына, 20-сы дәрі-дәрмек бағаларының өсімі бойынша болған. ⠀ Осы тұрғыда «Атырау-адалдық алаңы» келеңсіздіктерді жою мақсатында бірқатар жұмыстар жүргізген. ⠀

«Айталық, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысымен қала және аудандардағы емхана, ауруханалардың бас дәрігерлерімен кездесу өткізілді. Қазіргі уақытта облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының қолдауымен мемлекеттен берілетін тегін дәрі-дәрмектердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында бірлескен жұмыс жүргізілуде»,- деді Альфия Әдиева. ⠀

Аймақ басшысы тиісті сала басшыларынан аталған келеңсіздіктердің себептерін сұрап, алдағы уақытта қатаң бақылауға алуды міндеттеді. «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айрықша атап айтқан басты мақсаттарының бірі. Осыған орай, сыбайлас жемқорлықпен күресуді үздіксіз жүргізу, оның жолын кесу, алдын алу жолдарын күшейту, әдіс-тәсілдерін әрдайым жетілдіріп отыру қажет деп санаймын. Жемқорлыққа қарсы күресте барлық тұлғалар заң мен сот алдында тең болуын ескеру қажет»,- деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT