«Жангелдин» мәдениет үйінде орналасқан №146 учаскелік референдум комиссиясында дауыс құқығына ие 938 тұрғын болса, сағат 11:00-де олардың 210-ы дауыс беріп үлгерді. Солардың бірі – Іңкәр Ерішкенова.
- Мен 18 жасқа енді толып, референдумға алғашқы рет дауыс беріп отырмын. Елдің дамуына өз үлесімді қосу үшін ең алдымен осындай маңызды істерді алдыңғы орынға қоямын, - дейді ең жас дауыс беруші Іңкәр Ерішкенова.
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА