Осындай тақырыппен барша ел тұрғындарының қатысуымен жалпыұлттық патриоттық диктант жазу шарасы ұйымдастырылды.
Ондағы мақсат – еліміздің Тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеп, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақты тәрбиелеу.
- Әрине, аты айтып тұрғандай патриоттық диктант жазу барысында, елдің оның ішінде, аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтап, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастырып, диктант жазу арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу басты ұстаным болды. Аудан бойынша 2577 адам қатысса, оның 1532 оқушы, - дейді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және денешынықтыру бөлімінің бас маманы Гаухар Құрманғазиева.
Нұрсәуле СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ