Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Еліміздің батысында 38 градус ыстық болады

Солтүстік антициклонның сілемі республиканың батыс жартысына әсер етеді, осылайша алдағы тәулікте мұнда негізінен құрғақ, әрі шуақты ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

9-11 тамызда елдің солтүстік, орталық, шығыс, оңтүстік бөлігіне оңтүстік циклон қуыстары мен атмосфералық фронттар әсер етеді.

Бұл өз кезегінде жауын-шашынның түсуіне ықпал етеді. Осылайша елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Күн күркірейді, бұршақ жауып, қатты жел болуы мүмкін. Ауа температурасының негізгі аясы: күндіз батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +27 +35°С, солтүстікте +18 +25°С, орталықта +17 +28°С, шығыста +18 +30°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +33°С шегінде, таулы аудандарда 13 +20°С.


 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT