Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Доссорда 60 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда

Бұл жоба NCOC компаниясының қаржылай қолдауымен іске асырылуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Құрылыс жұмыстары бекітілген өндірістік кестеге сай атқарылып жатыр. Нысан 2026 жылы толық аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

– Құрылыстың сапалы әрі уақытылы орындалуы басты назарда. Сонымен қатар жаңа тұрғын үйге сыртқы инженерлік желілерді тарту бойынша бөлек жоба әзірленді. Қазір бұл желілерді жүргізу жұмыстары тұрғын үй құрылысымен қатарласа атқарылып жатыр. Бұл – болашақ тұрғындардың жайлы өмір сүруіне жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам, – деді облыстық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайынов. 

Бұдан бөлек Мақат кентінде республикалық және облыстық бюджет есебінен екі пәтерлік 12 тұрғын үй сатып алынған. Қазір үйлер ТҮКШ бөлімінің балансына беріліп, тұрғындарға тапсыру бойынша қаулы дайындалуда.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT