Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҰБТ электронды форматта өткізілуде

«Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Сатқан Есенғалиев аймақ басшысының қатысуымен өткен жиында мәлім етті»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Күн тәртібінде 2020-2021 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу мәселелері қаралды. Басқарма басшысы биылғы тестілеудің ерекшеліктері туралы баяндады.

«Биыл алғаш рет ҰБТ электрондық форматта өткізілуде. Тестілеу 15 сәуірде басталды, 30 маусымға дейін жалғасады. Тапсыру мүмкіндігі екі рет. Талапкер тестілеуді тапсыруға ыңғайлы күнді өзі таңдай алады. Белгіленген жауаптарын қайта қарап, аяқтағанға дейін өзгертуіне болады, ал нәтиже сол бойда көрінеді. Аппеляцияға 30 минуттың ішінде беру мүмкіндігі қарастырылған. Оқушының білімін тексеруге 120 сұрақ берілсе, максималды бал 140, тестілеу уақыты 4 сағат»,- деді С.Есенғалиев. Сондай-ақ, басқарма басшысы екі тестілеудің ең жоғары нәтижесімен талапкер мемлекеттік грант конкурсына өтініш беру мүмкіндігіне ие болатынын және барлық қажетті қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылып, медициналық қызметкерлер, құқық қорғау органдары өкілдері сияқты жауапты мамандардың кезекшілігі ұйымдастырылғанын жеткізді.

Жиын барысында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов аудан әкімдері мен құзырлы мекеменің жауапты тұлғаларына қауіпсіздік шараларын мұқият бақылауда ұстау керектігін айтты. Сонымен қатар, облыс әкімі ұлттық бірыңғай тестілеуді тиісті деңгейде өткізу үшін нақты тапсырмалар берді.

« ҰБТ тапсыру пункттерінде медициналық қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастырып, жедел жәрдем бригадасының болуын қамтамасыз етуді, оған қоса электр энергиясының үздіксіз берілуін, қосымша электр генераторларының болуын ұйымдастыруды тапсырамын. Тест тапсырулар кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын, пункттерде адамдардың шоғырланбауын бақылауға алуды, өрт қауіпсіздік шараларының сақталуын қадағалауды естен шығармаңыздар»,- деді М.Досмұхамбетов. Айта кету керек, биыл 5786 оқушы 11-сыныпты аяқтайды деп күтілсе, оның 288-і «Алтын белгіге» үміткер.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521