Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

 БАТЫРЛЫҚ ДӘРІПТЕЛГЕН ДОДА

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына орай, кіші аяқ доптан мекеме қызметкерлері арасында сайыс болып өтті. Оған мекеме қызметкерлерінен құралған 8 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Айтулы шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Гүлшара Ізімова:

  • Бүгінгі шараның тағылымы мол. Бұл спорттық сайыс қана емес, ерлік пен елдікке тағзым, кейінгі ұрпаққа үлгі боларлық игі дәстүр деп білемін. Ауған соғысы тарихымыздағы ауыр да қасіретті кезең. Сол соғыста талай ерлеріміз батырлық көрсетті, Отанын қорғады. Біз бүгін бейбіт күннің қадірін түсініп, сол батырларымыздың рухына құрмет көрсетіп отырмыз. Ендеше барлықтарыңызға сәттілік тілеймін!,- деді.

            Ерлік ұлықталған, батырлық дәріптелген додаға бір топ ауған соғысының  ардагері де қатысты. Соның бірі Нұрман Мәжеков: «Бүгінгі сайыс қанды көйлек қарулас бауырларымыз бен ағаларымыздың рухына көрсетілген тағзым. Жат жердің топырағы бұйырған батырларымыздың мәңгілік мекені жарық, рухтары пейіште шалқысын. Осы шараны ұйымдастырған барша азаматқа алғысымыз шексіз. Әлемде бейбітшілік болсын, соғыс оты тұтанбасын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!» деген  ризашылығын білдірді.

Ала доп бәсекесінің қорытындысы бойынша «Намыс» командасы жеңімпаз болса, екінші орынды «Қайрат» командасы жеңіп алды. Үшінші орынды «Қайсар» командасы иеленді. Сондай-ақ, Жанәділ Еламан «Үздік ойыншы», Айболат Еркін «Үздік қақпашы» атанды.

Самғат ҚУАНЫШҚАЛИ,

Суретті түсірген Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН

 

 

 

           

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT