Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫС ЖҮРУДЕ

Миялы ауылының ішімен өтетін Ойыл өзенінің деңгейі «Кенен» көпірі маңында 3 метрге дейін көтерілді" деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда елді мекендерге төнетін тікелей қауіп жоқ. Алайда табиғаттың тосын мінезіне сақадай сай болу үшін жергілікті билік, төтенше жағдайлар қызметі және әскери бөлім сарбаздары бірігіп, алдын алу шараларын күшейтуде. Айталық, «Кенен» көпірі маңында тәулік бойы бақылау жүргізілуде. Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің командалық-штабтық машинасы 24/7 режимінде жұмыс істеп, жағдайды қадағалауда. Қауіптің алдын алу мақсатында көпір маңындағы электр желілеріне де қосымша бекіту жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда, №37 «Аралов Н.А» 35/10 кВ қосалқы станциясынан тарайтын Жангелдин, Жасқайрат, Бүйрек елді мекендеріне қарасты әуе электр желілері мен «Кенен» көпірінің маңындағы 10 кВ бойындағы электр бағаналары топырақ толтырылған қапшықтармен бекітілді. Жергілікті билік пен жауапты мекемелер жағдайды толық бақылауға алып, қауіптің алдын алу үшін барлық мүмкіндікті жұмылдыруда.

Б.ІЗБАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT