Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУЫЛ ДАМЫМАЙ – ЕЛ КӨРКЕЙМЕЙДІ

Ауыл – әрбір адамның ат байлар қазығы, ата қонысы. Ендеше, алыс ауылдарды дамыту кезек күттірмес мәселе. Бұл ретте, облыс орталығынан қашық жатқан біздің ауданның ауылдары да соңғы уақытта өркендеп, дамып келеді.

Атап айтқанда, осы кезге дейін ауданның 9 ауылдық округінде тасжол болса, былтырдан бастап Тайсойған ауылдық округіне де жол салынуда. Одан бөлек, аудан ауылдарын көгілдір отынмен, электр желісімен толықтай қамту мәселесі де оң шешімін тапты Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауданда «Кереген-Сағыз-Жамансор» топтық су құбырына қайта жаңғырту жұмысы мен Тайсойған жер асты су қорынан Миялы ауылына дейін (73,5 шақырым) магистралды су құбырының құрылысы жүргізілуде.

Сонымен қатар, биыл Сағыз ауылында 1-2 ауылдарының электр желілерін ауыстыру құрылысы басталады. Қаракөл, Қарабау, Көздіғара ауылдарының көше жарықтандыру құрылысының жобасы жасақталды. Құрылыс жұмыстары биыл басталады. Ауданда әлеуметтік нысандар салу ісі жыл сайын өз шешімін тауып келеді. Мәселен, биыл 4 мектеп модернизациядан өтсе, Қарабау ауылынан 120 орындық бастауыш мектеп салу үшін жобаға түзету енгізіліп, құрылысы жақын арада басталады. Құрылысы биылға жоспарланған жобалардың бірі – Жамансор ауылынан 80 орындық негізгі мектеп пен 30 орындық интернат салу. Одан бөлек, Жасқайрат ауылынан 100 орындық, Тайсойған ауылынан 50 орындық балабақша салу мақсатында жоба дайындалуда. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде Сағыз ауылында мектептің құрылысы салынады деп жоспарлануда. Қысқасы, ауданда ауылдарды дамыту мақсатында жасалып жатқан жүйелі түрдегі жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді.

Дулат МӘТЖАН

Қызылқоға ауданы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT