Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

"Бір пакетпен жүгіріп шықтық"

Құлсарыдан келген алты баланың анасы 39 жастағы Айнаш Тілепбергенова сәбиінің ең кішісі 2 жаста. Олар APEC Petrotechnic колледжінің эвакуациялық пунктіне 6 сәуірге қараған түні келді.

- Бізді жақсы қарсы алды, барлық жағдайы жасалған екі бөлме бөлді. Біз Құлсарыдан түстен кейін шықтық, таңертең су біздің ауылға жақындап, бір пакетпен жүгіріп шығуға тура келді. Күйеуімді отбасына көмектесу үшін 5 күн жұмыстан босатты, біз ауылдан шағын автобусқа отырып, вокзалға жеттік. Құлсарыдан Мақатқа пойызбен жетіп, бізді еріктілер Атырауға алып кетті. Эвакопунктте бізді жақсы қарсы алды, тамақтандырды. Киім-кешектерімізді жуып алуымызға да жағдай жасады. Қажетті заттармен де қамтамасыз етті, - дейді Құлсарылық Айнаш Тілепбергенова.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, APEC Petrotechnic колледжінің эвакуациялық пунктіде екі жүз адамға арналған орындар дайындалған. Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 31 наурызынан бастап су басу қаупіне байланысты 29 545 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Оның ішінде балалардың саны 7396. Эвакопункттерде 8011 мың адам орналастырылған. Оның 4578-і балалар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT