Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Баланың құжаты неше күнде алынады?

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша биылғы жылдың он айында барлығы 535 баланың тууы тіркелсе, оның 308-інің тууды тіркеудің 3 күн мерзімі асып қорытындымен тіркелгендер.

Бұл дегеніміз баламыз дүниеге келгеннен кейін туу туралы куәлікті 3 күн ішінде алуға тиісті екендігімізді білмейміз не тууын уақытында тіркетуге асықпайтындығымыз. Егер орналасқан жеріміздегі Халыққа қызмет көрсету орталығына баруға уақытыңыз болмаса «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беруге де болады. Портал арқылы босанған ана перзентханада жатып та өтініш жіберуге мүмкіндігі бар.

Баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тіркеуші органға немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамына немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жазбаша не электронды түрде ата-аналары не басқа мүдделі тұлғалары оның туылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей береді. Ал, бала өлі туған жағдайда босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей, медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы өтініш береді.

Туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет он бес күн ішінде көрсетіледі және өтінішке қосымша ата-анасының түсініктемесі, баланың туған жері мен ата-анасының тұрғылықты жері бойынша туу туралы жазбасының жоқтығы туралы тіркеу органының анықтамасы, денсаулық сақтау ұйымдарының жүгінген кезден бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей берілген баланың тұратын жері бойынша оның денсаулығы туралы анықтама, көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариат куәландырылған сенімхат ұсынылады. Осы енгізілген өзгерістерді басшылыққа ала отырып, дүниеге келген балаларымызды үш күннің ішінде құжаттандыруға болатындығын әр ата-ана жадынан шығармаса игі дейміз.

Сәнімгүл ЖҰБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT