Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балғындардың өнерін айқындаған «Айгөлек»

Дүйсенбі күні аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен аудандық «Айгөлек» фестивалі өтті.

Оған қатысқан балабақша бүлдіршіндері мен мектептердегі шағын топ тәрбиеленушілері хореография, мәнерлеп оқу, бейнелеу және қолөнер, театрлық қойылым, ән номинациялары бойынша қатысып, бақтарын сынады.

Әні мен биі астасып, жыры жарасқан фестивалдің қорытындысында әуезді әннен Сағыз орта мектебінің мектепалды дайындық тәрбиеленушісі Ақжайна Ерболқызы бас жүлдені жеңіп алса, «Қызғалдақ» балабақшасынан қатысқан Жанерке Жолдас І орынды иеленді. Сайыстың көркін қыздырған бишілер арасында бас жүлдені №9 мектептің шағын орталық тәрбиеленушілері «Нұр-би» тобы иеленсе, І орын Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының мектепалды дайындық тобының оқушысы Қарақат Қалимолла мен «Алтын кілт» балабақшасынан қатысушыларға бұйырды. Көркемсөз оқудан сынға түскендер арасында Б.Аманшин атындағы орта мектебінің шағын орталық тәрбиеленушісі Ғалым Әлихан бас жүлдені иеленсе, Қаракөл орта мектебінің шағын орталығынан қатысушы Ыбырай Берген І орынды еншіледі.

 

Материалдың толық нұсқасын газеттен оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT