Құрметті ауданның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, қызылқоғалық журналистер!
Сіздерді 28 маусым – кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Бүгінде бұл салаға артылар жүк жеңіл емес. Тәуелсіздік алғалы еліміздің журналистер қауымы уақыт көшінен қалмай, заманауи медианың қыр-сырын жете меңгеріп, елдікті сақтау, егемендігімізді баянды ету жолында абыройлы қызмет атқаруда.
Осы орайда, Қызылқоға журналистері де қоғамды қажетті әрі маңызды ақпаратпен қамтуда, халықты игі істерге жұмылдырып, береке-бірлігімізді арттырып, татулықты нығайтуда, мәдени өрлеуіміз бен рухани түлеуімізде зор еңбек сіңіріп келе жатқандығын атап өтемін. Сіздер, қазіргі пандемия жағдайында да жұртшылыққа жедел әрі дұрыс ақпарат таратуда алдыңғы шептен табылудасыздар.
Қазірде аудандық «Қызылқоға» газетінің әрбір сөзі – кез келген ізгі бастама мен келелі қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығына айналды. Жергілікті журналистер жетпіс жылға таяу тарихы бар аудандық басылымның бұқара мен биліктің алтын көпірін берік қалаған ізгі жолын лайықты жалғастырып келеді.
Қымбатты қаламгерлер, редакция қызметкерлері! Сіздерге еселі еңбектеріңіз үшін алғыс айта отырып, кәсіби мерекеге орай, ұшқыр ой, ұтымды ізденіс, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қаламдарыңыз мұқалмай, жігерлеріңіз жасымай, халықтың қалауынан шығатын шығармашылық табыстарға жете берулеріңізді тілеймін.
Құрметпен,
Нұрсұлтан БИСЕМБИЕВ,
аудан әкімі