Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауылды дамыту басты назарда

Ауыл – қазақ халқының алтын бесігі, салт-дәстүр мен мәдениеттің қайнар көзі. Бүгінде ауылды дамыту – еліміздің басты мақсаттарының бірі. 

Қазіргі таңда ел экономикасының негізі қуаты болған ауыл шаруашылық саласы күннен күнге дамып келе жатыр. Оған дәлел ауданда 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жоба бойынша жиырма жоба іске асырылуда. Бұл өз кезегінде ел экономикасының негізі болар ауыл шаруашылығының дамуына жол ашып отыр деп ойлаймын.

Ауыл – тек еңбек етіп, тіршілік ететін орын ғана емес, ол – мәдениеттің ошағы саналады. Осы орайда ауданымызда жаңадан кітапханалар мен спорт нысандары көптеп ашылып, ауыл өміріне жаңа серпін беруде. Бұл өз кезегінде мәдениетіміздің өркен жаюына, бұқаралық спорттың дамуына жол ашады.

Қорыта айтқанда, ауылды дамыту – ұлт болашағын ойлау деген сөз. Әрбір азамат туған жеріне жанашырлықпен қарап, ауылдың көркеюіне үлес қосса, еліміздің ертеңі де жарқын болмақ!

Қабылхан Омаров,

аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT