Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлай брифингте Қызылқоға ауданының әкімі Нұрсұлтан Бисембиев мәлімдеді, деп хабарлайды коммуникациялар қызметі.
- Жангелдин, Жасқайрат, Қоныстану, Қаракөл ауылдарындағы бала бақшалар типтік үлгіде емес. Жаңа стандартқа сай ғимараттарды қажет етеді. Ал, Тайсойған ауылында балабақша мүлдем жоқ.Есепті мерзімде Жасқайрат ауылында 100 орындық, Тайсойған ауылында 50 орындық жаңа балабақша құрылысына жоба жасақталуда, - деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, осы жылы Миялы орта мектебіне күрделі жөндеу жүргізуге жоба жасақталмақ.