Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАН МЕДИЦИНАСЫНА – БЕС КӨЛІК

Соңғы жылдары ауданның денсаулық сақтау саласына көптеген көңіл бөлініп, халық саулығын жақсарту мақсатында жүйелі түрде жұмыс жүргізілуде. Соның жарқын дәлелі – аудан медицинасына беріліп жатқан су жаңа жедел жәрдем көліктері. Осы орайда,  сейсенбі күні аудан әкімдігі ғимараты алдында аталмыш көліктердің кілтін табыстау рәсімі өтті.

Оған бөлім, мекеме басшылары, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты. Шарада алдымен сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жарас Есенғалиев:

 – Баршаңызға белгілі өткен жылдан бастап ауданның тазалығы мен ветеринария саласына көптеген техника берілді. Былтыр су жаңа жедел жәрдем көліктері келіп, Миялы, Сағыз, Мұқыр, Тайсойған, Қызылқоға ауылдық округтеріне берілген болатын. Денсаулық сақтау саласын қажетті көлікпен қамтамасыз ету – аудан әкімі Қанат Әзмұхановтың сайлауалды бағдарламасында айтылған болатын. Бүгін тағы да бес жаңа жедел жәрдем көлігі келіп отыр. Ол қалған бес округке беріледі. Сонда ауданның барлық ауылы жаңа жедел жәрдем көлігімен қамтамасыз етіледі. Ендеше, берілгелі тұрған көліктер халықтың саулығы жолында қызмет ете берсін, - деген тілегін білдіріп, Жангелдин, Ойыл, Көздіғара, Жамбыл, Тасшағыл ауылдық округтерінің дәрігерлік-отбасылық амбулаториясы дәрігерлеріне көліктердің кілтін салтанатты түрде табыстады.

Шараға жиналған көпшілік алыс ауылдарға беріліп жатқан жаңа көліктердің ішкі жабдықталуымен танысып, игі тілектерін арнады.

 

Дулат МӘТЖАН

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT