Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

РАУАННЫҢ ТАҒЫ ДА ҚАМҚОРЛЫҒЫ

Бүгінде аудан орталығында Аманқос Сабыров атындағы көше бар. Ол елімізге белгілі ақын, ауданның дамуы жолында еселі еңбек сіңірген азамат ретінде елдің есінде.

Ал, оның  ұлы Рауан Сабыров бүгінде  «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамында жаңа техника және технологиялар департаментінің директоры болып еңбек етеді. Оның ұлт руханиятына деген жанашырлығы бір төбе. Соның бір айғағындай, Рауан  жыл сайын  әкесі Аманқос Сабыров атындағы көше тұрғындарын «Қызылқоға» газетіне өз қаражаты есебінен жаздыруды дәстүрге айналдырып келеді. Сол дәстүр бойынша биылғы баспасөз науқанында да жалғасын тауып, әдеттегіше  Рауан аталмыш  көше тұрғындарының  20 отбасын аудандық газетке жаздыруға демеуші болды. Елдің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бұл демеушіміздің еңбегі көпке үлгі. 
Бұдан бөлек, Рауан  Атырау қаласында бала кезінен жинаған құнды жәдігерлерді «Хан ордалы Сарайшық» мұражай кешеніне тапсырды. Музей кешені қызметкерлерінің айтуынша, жәдігерлердің көпшілігі сармат дәуіріне жатады. Оның арасында қола жебе, ойылған таңбалар бейнеленген қыш ыдыс бар. Ендеше, ұлт руханиятын ойлаған Рауандай азаматтар көп болса игі дейсің. 
Нұрсәуле ЖАУЫНБАЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT