Баршаңызды 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Әлем жайдары жаз айының алғашқы күнін балалар мерекесімен қарсы алады. Олардың жарқын болашағы мен бейбіт өмірін қорғауды мұрат тұтқан адамзат бұл күнді жыл сайын салтанатпен атап өтеді. Жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбидің сыңғыр күлкісі әркімге де қымбат.
Тәуелсіз еліміздегі мамыражай тіршіліктің саясында бүр жарып, гүлдеп, өсіп келе жатқан жаңа Қазақстанның жас ұрпағы қашанда қоғамның, ата-аналарының, мемлекетттің қамқорлығында. Олардың аман-сау өсіп, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету еліміздің ең басты парызы болып саналады.
Бүгінгі мерейлі мерекеде қуаныш пен шаттықтың ортасында ойнап-күліп, өсіп келе жатқан барша қызылқоғалық балғындарға кемел келешек, бақытты болашақ және бәрі де ел мақтаныштары болып өсулерін тілеймін.
Көк аспанымыз әрдайым ашық, еліміз тыныш, болашағымыз баянды, балаларымыз бақытты болсын!
Қызылқоға ауданының әкімі
Н.Бисембиев