Атыраудың «Әдеп жөніндегі уәкілі» республикалық конкурстың ІІ кезеңіне жолдама алды

Биылғы жылғы мамыр айының соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» Республикалық конкурсының І кезеңі өткізілді, деп хабарлайды atr.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің төрағасымен бекітілген «Үздік Әдеп жөніндегі уәкіл» конкурсын ұйымдастыру және өткізу Ережесіне сәйкес, аумақтық деңгейіне облыс, аудан көлеміндегі дербес және жүктелген Әдеп жөніндегі уәкілдер өтініш білдіріп, құжаттары жолданды. Бұл ретте, аталған конкурста әрбір үміткермен әңгімелесу жүргізіліп, олардың атқарған жұмыстары талқыланды.

Сондай-ақ, үміткердің кәсіби қызметіндегі негізгі жеке жетістіктерін, қызметіндегі проблемаларды шешуге, мемлекеттік органның өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру процесіне қосқан үлесін анықтау мақсатындағы «Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық құндылықтарын дамытуға менің қосқан үлесім» атты уәждемелік эсселері тыңдалды. Осылайша, әрбір үміткер бойынша шешім өңірлік комиссия мүшелері бағалау өлшемшарттары негізінде балдарды есептеу және қатысушылардың рейтингін жасау арқылы конкурстың жеңімпазы айқындалды. Конкурс қорытындысымен «Әдеп жөніндегі уәкіл» Республикалық конкурсының ІІ кезеңіне жоғары нәтиже көрсеткен Атырау облысы бойынша Әдеп жөніндегі уәкіл Ахметова Фарида Төлегенқызы жолдама алды. Сонымен қатар, конкурс соңында комиссия мүшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалының директоры Нұртілеуова Жаннат Асылбекқызы мен «Caspian News» ЖШС-нің директоры Кертаев Қазбек Мұхамбетұлы өз ұсыныстарын білдірді. Департамент басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Мүксімов Салауат Сыйлыбайұлы барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдіріп, ел игілігі үшін атқаратын қызметтерінің жоғарғы деңгейде болуына сенім білдіретіндігін жеткізді.

podpiska_kaz

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelsizdikke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика