Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда су полициясы тасқын су шайып кеткен жолдардағы қатынасты қайықпен жалғауда

Атырауда Ақтөбе облысымен шекаралас Қызылқоға ауданында тасқын су аудан орталығы Миялы кентінен шығатын айналма жолды шайып кетіп 1 шақырымнан астам қашықтықта жол қозғалысы тоқтады.

Орталықпен қатынасты үзбеу мақсатында жолдар қалыпқа келгенше Су полициясының қызметкерлері ауданға келген гуманитарлық көмекті моторлы қайықпен жеткізуге атсалысуда. Су тасқынының алдын алуға бөгеттер тұрғызу үшін күректер мен өзге де қажетті құралдар Миялыға жеткізілуде.

Сондай-ақ, кешегі тәуліктен бері тасқын су басқан Тайсойған ауылынан 100-ден астам тұрғын моторлы қайықтардың көмегімен эвакуацияланды және бүгін сағат таңғы 7-ден бері Көздіқара елдімекенінен 30-ға жуық тұрғынды эвакуациялау басталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT