Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Асхан Байдуалиевтің Шымкенттегі заң бұзушылыққа қатысы жоқ

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Асхан Байдуалиевтің Шымкенттегі заң бұзушылыққа қатысы жоқ.


Бұл туралы 13 тамызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы департаменті шығарған қаулыда көрсетілген.

Естеріңізге салсақ, жуырда әлеуметтік желіде Асхан Байдуалиевтің бұрынғы қызметіне қатысты бірнеше жалған ақпарат жарияланған болатын. Нақтырақ айтсақ, шілдеде Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы мен нөмір бірінші қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат шыққан еді.

Асхан Байдуалиев Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы басшысы қызметіне 2019 жылдың 16 сәуірінде қала әкімі бұйрығымен тағайындалған. Ал, заңбұзушылық болды деген конкурс 10 сәуірде өткен. Бұл уақытта Асхан Байдуалиев қызметіне әлі кіріспеген. Тіпті, ол конкурс бойынша құрылған комиссияның құрамында да болмаған. Осыған қатысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкенттегі департаменті шығарған қаулыда

А. Байдуалиевке қатысты ҚР ҚК 189 бабының  4 бөлімі, 2 тармағына қатысты қылмыстық құқық бұзушылық дәлелденбеді. Сондықтан, қазіргі таңда бұл қылмыстық іс бойынша тергеу тоқталды деп көрсетілген қаулыда.

 

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT