Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау қаласында 11 мың тоннаға жуық гуманитарлық көмек жиналды

Сурет ғаламтордан алынды

Жылыой ауданына гуманитарлық көмек жинау үшін Атырау қаласындағы Әбілхайыр хан, 79 мекен-жайындағы көрме орталығы тәулік бойы үзіліссіз қызмет етуде.

«Қазіргі сәтте 100-ге жуық ерікті екі ауысым бойынша қызмет атқарып жатыр. Кешегі күннің өзінде 7 мың тонна гуманитарлық көмек жиналса, бүгін Алматы қаласынан “Asar Ume” қоғамдық қорының 3 тонна гуманитарлық көмек жеткізді. Сондай-ақ, 100-ге жуық қала тұрғындарынан да жинақталып, жалпы есеп бойынша көмек мөлшері 10500 тоннаға жетті» деді Жастар ресурстық орталығы кеңес беру бөлімінің басшысы Асухан Назымбеков.

“Asar Ume” қайырылымдық қоры Атырау қаласынан бөлек, басқа өңірдегі су тасқынынан зардап шеккен облыстарға да көмектесуде. “Asar Ume” қайырымдылық қорының өкілі Данабек Ғабдуллиннің айтуынша, қордан Алматыдан Атырау қаласына жүктер ұшақпен әкелінген.

«Бұл жүктердің ішінде балаларға арналған   ең көп назар аударатын боламыз,- деді Данабек Ғабдуллин.

Облыстық жедел штаб

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521