Жамбыл ауылдық округінде Қаракөл мәдениет үйі және Жамбыл ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен Аналар күніне орай «Алтын қолды аналар» атты шебер қолды аналармен кездесу кешімен шеберлік сағаты болып өтті.
Ондағы мақсат – ауылдық округтегі кәсібінен нәсіп тауып отырған аналарды қолдау және олардың іс-тәжірибесін насихаттау. Шараға жеке кәсіпкерлер Ләйла Нұрғалиева, Толқын Меңдібаева, Алмагүл Жалғасбаева, Жамбыл ауылдық округі Аналар кеңесінің төрайымы Назигүл Аяшқызы, аталмыш ауылдық округіндегі Әйелдер кеңесінің төрайымы Сандуғаш Құспанова және ауылдық округінің мамандары мен кітапхана оқырмандары қатысты. Шара барысында, Жамбыл ауылдық кітапханасының ұйымдастырған кітап көрмесі таныстырылып, Қаракөл мәдениет үйінің әдіскері Гүлфариза Закиева Шымберген Сүлейменовтің «Анаға сағыныш» әнін орындады. Шара соңында, қатысушыларға Қаракөл мәдениет үйінің атынан сыйлықтар табыс етіліп, шағын фуршет ұйымдастырылды.
Өз тілшіміз