Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Алдын алу жұмыстары жалғасуда

4400 метр қосымша бөгет салынды Ауылдарға тасқын су қауіп төндіретін аумақтарға бөгет соғып, құммен қапталған қапшықтармен бекіту, ауыл маңындағы тас жолдың осал тұстарын биіктету және тағы да басқа жұмыс барлық округтерде қарқынды жүргізілуде.

​Оған мекеме қызметкерлері, еріктілер және жеке меншіктегі техникалар жұмылдырылуда. Айталық, Миялы ауылы бойынша бөгеттерді бекітіп, ұзындығы 4400 метр қосымша бөгет салынып, 2000 қапшықтарға құм салу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 2 трактор, 5 камаз, 1 погрузщик, 1 автогрейдер, сонымен қатар, 25 мекеме қызметкерлері жұмылдырылды. 600 қапшық құм төселді Жангелдин ауылы бойынша​ бөгеттерді бекіту, ұзындығы 1100 метр қосымша бөгет салынып, 600 қапшық құм төселді. 100 ерікті және 40 мекеме қызметкерлері тартылды. 3 трактор, 1 погрузщик жұмыс жасауда.​ Қаупі бар аймақтарға бөгет салынды Қоныстану ауылы бойынша су басу қаупі бар аймақтарға бөгет салу жұмыстарына 35 адам, 1 трактор тартылды. 400 қапшық құм төселді. Бөгеттерді биіктетті Тайсойған ауылы бойынша​ ұзындығы 1200 метр бөгетті биіктету жұмыстарына​ 2 трактор тартылды. 500 қапшық құм төселді. Еріктілер мен мекеме қызметкерлерінен 50 адам жұмылдырылды. Қауіпті аймақтар бақылауда Тасшағыл ауылы бойынша су басу қаупі бар аймақтарға бөгет жасау жұмыстарына 2 трактор, 25 адам жұмылдырылды. 350 қапшық құм төселді Ойыл ауылдық округіне қарасты Аққора елді мекенінің айналасындағы бөгеттерді биіктету жұмыстары жүргізіліп, 350 қапшық құм төселді. Бұл жұмыстарға​ ​ 2 трактор, 1 погрузщик, 30 ерікті жұмылдырылды. Миялы – Жангелдин арасындағы жолаушыларды судан қайықпен өткізу жалғасуда. Мекеме қызметкерлерінен арнайы кезекшіліктер қойылып, жолаушылардың кедергісіз өтуіне жағдай жасалуда. Ескерту: Жолаушыларды қайықпен өткізу сағат 08.00-20.00 аралығында ұйымдастырылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT