Сейсенбі күні Көздіғара ауылдық округінің «Самал» мәдениет үйінде аудандық ішкі саясат бөлімі мен Атырау облысы дін істері басқармасы, Қызылқоға аудандық ақпараттық талдау орталығы ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы» атты кездесу ұйымдастырды.
Кездесуге «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек ор-талығы» қоғамдық қорының теолог маманы Нұрсұлтан Беков қатысып, қазіргі таңда жат ағымдардың әсерінен қоғамда болып жатқан келеңсіз жағдайлардың көптеп кездесіп жатқанын айтып, оның алдын алу мақсатында дәстүрлі емес діни ағымдарды насихаттап жүрген уағызшылардың әрекетін баяндады. Сондай-ақ, жат ағымның соңынан еріп, Сирияға кеткен қазақ жастарының жіберген өрескел қателіктерін мысалға алып, одан аулақ болуға шақырды.
Шара соңында, ауыл тұрғындары теолог маманға көкейтесті сұрақтар қойып, жауап алысты. Сонымен қатар, қатысушыларға діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жазылған ақпараттық-танымдық материалдар таратты. Ал, Көздіғара ауылдық округі аналар кеңесінің төрайымы Қымбат Қарабалина шара ұйымдастырушыларымен бірлесіп, қыз балалар мен жеке кездесулер өткізуге ұсыныс білдірді.
Нұрәділ ЕЛАМАН.