Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жаңа жылға жаңа дәмхана

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Сағыз ауылы тағы бір кәсіпкерлік нысанмен толықты. Ол жас кәсіпкер Қырықбай Сәрсенбаевтың фастфуд өнімдерін жасайтын дәмханасы.

Ауыл орталығындағы екі қатарлы нысанды жалға алған Қырықбай несие, ешқандай әлеуметтік жеңілдік алмай-ақ өз кәсібін бастап жатыр. Аталмыш дәмхананың ашылуы өткен аптаның сейсенбісі күні өтті. Ұлыстың ұлы күніне орайласа өткен шараға ауыл үлкендері мен тұрғындар, жастар жағы көптеп жиналды. Дәмхананың ашылу салтанатында сөз алған Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Құлмағамбет Қоданов жас кәсіпкердің жұмысына сәттілік тілесе, Сағыз ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ақылай Қалиева кәсібін бастаймын деген жасқа қашанда қолдау бар екенін атап өтті. Содан соң, сөз сөйлеген жас кәсіпкер Қырықбай Сәрсенбаев:

– Қазір қалаға бара қалсаңыз «Fast Food», «Foodzone», «Burger King», «Doner Kebab» сынды шетелдік атпен жазылған дәмханаларды көресіз. Осындай жаңа заманның сұранысына сай дәмхана ашу көптен ойда жүрген еді. Бүгін соның сәті келіп отыр. Бұл жерде ешқандай алкагольді ішімдік сатылмайды. Ауыл тұрғындары отбасымен келіп, донер, бургер, пицца, сущи, фри сынды фастфуд тағамдарына тапсырыс бере алады. Сондай-ақ, бізде үйге жеткізу қызметі де жолға қойылған,– деп дәмхананың жұмыс барысын түсіндіріп өтті. Артынша дәмхананың лентасы қиылып, үлкендер шашу шашып, жаңа нысанға құтты болсын айтып жатты. Ұлыстың ұлы күніне орай ғимарат алдында тұрғындарға арналып киіз үй тігіліп, келушілерге дастарқан жайылды.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521