Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бөлімде – жаңа басшы

Сейсенбі күні аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім, мекеме басшылары, округ әкімдерінің қатысыуымен өткен жиналыста аудандық тұрғын үй-ком-муналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Онда аудан әкімі Арман Баженов:

– 2019 жылғы 2 сәуірдегі №107- өкіммен Кәрім Мұратбек Шарханұлы Қызылқоға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалып отыр. Оның білімі жоғары. Еңбек жолын 2000 жылы Х.Досмұхамедов атындағы орта мектепте мұғалім болып бастаған. Кейін түрлі салада еңбек етіп, тәжірибе жинақтады. 2010 жылдан бері аудандық Әділет басқармасында басшы қызметін атқарып келеді. Ауқымды саланы жауапкершілікпен атқарады деген сенім білдіреміз, – деді.

Жауапты қызметке тағайындалған Мұратбек Шарханұлы сенімді ақтауға уәде берді.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521