Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бақуатты өмір баспалдағы

Өткен жұмада «Арман» мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясының ХVІІІ съезінде қабылданған «Бақуатты өмір: онжылдықтың 10 мақсаты» атты бағдарламасын таныстыру және жаңа нысандағы әлеуметтік көмек алушыларға түсіндіру бағытында жиын болды.

Жиында Миялы ауылдық округінің әкімі Ерболат Иғали съезде «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметке халықтың әл-ауқатын арттыруға, жағдайы төмен отбасылардың тұрмысын түзеуге пәрмен беріп, көпбалалы және табысы төмен отбасыларға берілетін жәрдемақының көлемін 21 мың теңгеге дейін жеткізу тапсырылғанын тілге тиек етсе, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешов тұрмысы төмен отбасыларға берілетін әлеуметтік көмек жайлы баяндады. Ал, аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Саламат Санақ бірыңғай жиынтық төлем туралы түсінік беріп, тұрғындар сауалына жауап алды.

Толығырақ «Қызылқоға» газетінің №14 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521