Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Балық неден қырылды?

28 наурыз күні әлеуметтік желілерде «Қызылқоға ауданының Ойыл өзенінде балық қырылып жатыр» деген бейнесюжет таралып кетті. Ал, кешкілік аудан әкімінің «Телеграм» парақшасында аталмыш оқиғаға байланысты аудан тұрғындары алаңдаушылық білдіріп, аудан басшыларынан мәселенің себебін сұрады. Бұған жауап берген аудан әкімі Арман Баженов Ойыл өзенінде қырылған балықты барып көргенін, тазарту жұмыстары жүріп жатқанын, барлығы бақылауда екенін айтқан еді. 29 наурыз күні біз де оқиғаға орнына барып, тазалау жұмыстарымен танысып қайттық.

Оқиға Ойыл ауылдық округіне қарасты Ақтөре деген су жайылымында болған екен. Біз сағат 10:30-да барғанымызда тазалау жұмыстары қызу жүріп жатыр. Сол маңда жүрген аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы Марат Күзембаевтың айтуынша, тазалау жұмыстарына Миялы, Жангелдин, Ойыл ауылдық округтерінен 70 ерікті, 12 техника жұмылдырылды. Жиналған балық арнайы орынға жеткізіліп, жойылады. Қазіргі таңда, зерттеу жұмыстары жүргізілуде.

Аталмыш оқиға туралы толығырақ газетіміздің №14 санынан оқи аласыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521