Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауылды қоқытып, айыппұл төлеп жүрмейік

Аудан әкімінің «Санитарлық тазалық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, аудан елді мекендерінің санитарлық жай-күйі мен көріктендіру туралы» Қаулысына орай ауданымызда көктемгі тазалық айлығы жарияланды.

Айлық барысында әлеуметтік желілерде аудан әкімі Арман Баженовтің аудан тұрғындарына арнаған үндеуі жарияланды. Осы орайда, өткен аптаның сенбісі күні Миялы ауылында сенбілік ұйымдастырылды. Оған ауылдағы дербес бөлімдер мен мекемелерден барлығы 54 ұжым қызметкерлері атсалысты. Жангелдин ауылына шығаберістегі жолдың екі жағына егілген тал қоршаулардан басталған тазалық жұмыстары айналма жолдан елдімекенге дейінгі аралықты, Миялы ауылының шығыс жақ бетін түгел қамтып, күл-қоқыс алаңынан Бәйсеу ауылына дейін жүрді. 600-ге жуық адам қатысқан сенбілікте ауыл айналасы жинақталып, тазалық жұмыстары жүрді. Осылайша сенбілікте ауыл көшелері мен айналасы тазарып, шырайы кіре түсті. Алдағы уақытта өткізілетін тазалық жүмыстарына ұжым мүшелерімен бірге кәсіпкерлер, аудан тұрғындары да белссенділікпен қатысса игі болар еді.

Толығырақ «Қызылқоға» газетінің №14 санынан оқи аласыздар

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521