Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ауылдықтар ауысымдық жұмысқа барғысы келеді

Жақында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылып, оған онға жуық кәсіпорын мен ұйым қатысты.

Онда алдымен сөз алған аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Нұрлан Бекешов:

– «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалымен бірлесе отырып, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өткізіліп отыр. Осындай жәрмеңкелер жүйелі түрде ұйымдастырылуы халықтың қызығушылығын тудыруда. Сондықтан, жыл басында он бес мердігер компанияға жергілікті жердің азаматтарын жұмыспен қамту үшін хат жолданды.– деді.

Жәрмеңкеге келушілер жұмыс берушілермен жеке-жеке сөйлесіп құжаттарын тапсырды. Жалпы, жәрмеңкеде кәсіпорын мен ұйымдардан 141 бос жұмыс орнына сұраныс түсіп, отыз екі жұмыссыздың түйіндемесі мамандықтарына сәйкес мердігер компанияларға жіберілді.

Гүлмира МАҚСОТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT