Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫН МЕҢГЕРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялауы – уақыт талабынан туындаған маңызды әрі орынды шешім. Бұл бастама қоғамда еңбек адамының мәртебесін көтеріп, кәсіби-техникалық білімнің беделін арттыруға және еліміздің өндірістік әлеуетін нығайтуға бағытталған.

Қазіргі таңда жұмысшы мамандықтарына деген сұраныс күн өткен сайын артып келеді. Өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларында білікті мамандарға тапшылық сезілуде. Бұл бағыттар – ел экономикасының өзегін құрайтын салалар. Сондықтан жұмысшы мамандықтары – тек техникалық кәсіп қана емес, мемлекеттің дамуына үлес қосатын жауапты қызмет.

Жастар үшін бұл – үлкен мүмкіндік. Жұмысшы мамандығын игеру – жай ғана күнкөріс көзі емес, тұрақты еңбек, кәсіби даму және қоғам алдындағы жауапкершілік. Бүгінгі таңда елімізде заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері жастарға сапалы білім алуға, тәжірибе жинауға және сұранысқа ие маман болуға жол ашып отыр.

Еңбек нарығында сұранысқа ие маман болу – әрбір жастың қолында. Бұл бағытты таңдау арқылы жас ұрпақ тек өз болашағын ғана емес, елдің ертеңін де қалыптастыруға атсалысады

Ж.ҚАМЗА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT