Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БОЛАШАҚҚА БАЙЫППЕН ҚАРАЙЫҚ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы Жолдауында атом электр станциясын салудың маңыздылығына тоқталып, «Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет.

Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр. Біз еліміздің өзіне тән ерекшелігін және ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүдделерімізді ескере отырып, тек алға қарай жүруіміз қажет. Бір сөзбен айтсақ, болашақты ойлауымыз керек. Сондықтан мен атом электр стансасын салуға қатысты барынша байыпты шешім қабылдау қажеттігін ұдайы айтып келемін. Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын» деген болатын. 
Бүгінде елімізде жыл өткен сайын энергия тапшылығы сезілуде. Өндіріс орындарынан бөлек елімізде тұрғындар саны да артып, тұрғын үйлер де көптеп салынып жатыр. Әсіресе,  оңтүстік өңірлерде электр қуаты тапшы. Мәселен, елде жарты жылда 6 мың мегават энергия тапшы болған. Елдегі станциялардың 70 пайызы көмірмен жұмыс істейді әрі басым бөлігі әбден тозған. Тәжірибеден белгілі энергия тапшылығы сезілген сайын ғаламдық энергетика жүйесінің АЭС-ке тәуелділігі арта түсетіні сөзсіз. Ал, атом электр станциясы — баламалы энергия көзі.  Қазір біз энергияны сатып алып жатырмыз. Ал, АЭС салатын болсақ энергияны өзіміз өндіреміз. Сонымен қатар, стратегиялық нысан арқылы алынған энергияға салық салынбайды. Өйткені ол экологияны ластамайды. Ал, болашақта көмірден энергия өндіретіндерге карбон салығы салынады. Онда энергияның тарифі еселеп өседі. Өндіріс көлемі күрт қысқаруы мүмкін. Міне, сол кезде энергия тапшылығы мәселесі өзекті болары сөзсіз. Сол себептен аталмыш тақырыпқа байыппен қарап, халық болып дұрыс шешім қабылдауымыз керек. 

Батыл ҚОСЖАНОВ,
Энергетика саласының ардагері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT