Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Айтып-айтпай не керек, АЭС дүбірі бізге де жетті

Алда маңызды кезең – жалпыхалықтық референдум күтіп тұр.

Ядролық физика институты бас инженердің орынбасары Асхат Бекбаевтың айтуынша, бейбіт атом – ел экономикасының өсіміне оң әсер тигізетін сенімді және тұрақты энергия көзі. «Өнеркәсіп дамып, жаңа жұмыс орындары құрылып, халықтың әл-ауқаты артады. АЭС құрылысы жүретін өлкенің инфрақұрылымы жетіліп, аймаққа мультиплика¬тив¬ті әсерін береді. Экология¬лық тұрғыдан да пайдасы көп. Атом энергетикасы төмен көміртекті болғандықтан, ауаға парниктік газдар тарамайды. Сонымен қатар атом энергиясы қазба байлықты тұтыну көлемін қысқартып, табиғи ресурстарды сақтауға мүмкіндік береді. АЭС-тің пайдалануға берілуі елдегі ядролық технологияның дамуына да серпін сыйлайды.

Соның нәтижесінде көмірсутегі экспортына деген тәуелділікті төмендетіп, елдің энергетикалық тепе-теңдігін әрта¬раптандыра аламыз», дейді маман. Сарапшы сөзінше, қазір ел экономикасының жылдық өсімі электр энергиясын одан әрі қажет ете түсіп отыр. «Ядролық технология тек электр энергиясын өндіріп қоймай, медицина, ауыл шаруашылығы және су тұшытуда да қолданылады. Еліміз болашақта атом энергетикасы саласындағы халықаралық жобалардың белсенді қатысушысы бола алады, бұл инвестиция мен технология тартуға мүмкіндік береді. Бізде уран қорының мол болуы да – атом саласындағы ерекше артықшылық. Бірақ бұл стратегиялық маңызды нарықта көшбасшылықты сақтауға ресурс¬тарға қол жеткізу ғана емес, білікті кадр да қажет. Сондықтан атом саласында кадрлық әлеуетті дамыту мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының біріне айналды», дейді Асхат Бекбаев.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT