Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған Атырау облыстық әдеби байқауы туралы ЕРЕЖЕ
«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалы көрнекті ақын, жазушы Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына арналған жас ақындар мен жазушылар арасында облыстық әдеби байқау (бұдан әрі – байқау) өткізеді. Байқаудың мақсаты:
– Жұмекен Нәжімеденовтің шығармаларын кеңінен насихаттау, жас ұрпаққа қаламгердің әдеби мұрасын таныстыру;
– Өңіріміздегі дарынды жастардың шығармашылық әлеуетін таныту, оларға қолдау көрсету;
– Кітап оқу мәдениетін насихаттау және әдебиет арқылы адамгершілік, рухани құндылықтарды дәріптеу. Тақырыптық ұсыныстар: «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай қарапайым еңбек адамының болмысын ашу және еңбек құндылықтарын дәріптеу; Жас ұрпақты білім мен ғылымға ұмтылуға, ана тілін, ел тарихын қадірлеуге үндеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Байқау «Поэзия», «Проза» номинациялары бойынша өтеді. Байқауға 18-ден 45 жасқа дейінгі қаламгерлер қатысуға құқылы. Бір автор тек бір номинацияға қатыса алады. Байқауға қазақ тіліндегі жұмыстар ғана қабылданады. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды. Байқауға бұрын жарияланған шығарма қабылданбайды. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді. Байқауға қазақ тілінің грамматикалық құрылымы мен емле заңдылығы сақталмаған шығармалар қатыстырылмайды. Автор байқауға қатысу үшін өз жұмысын жібере отырып: осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екеніне кепілдік береді; ұйымдастырушының туындыларды (толық немесе ішінара) БАҚ-та, жинақтарда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді; ұйымдастырушыға қаржылық талаптар қоюдан бас тартады. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25, «Поэзия» номинациясына 15 беттен аспайтын жұмыстар қабылданады. Жүлде қоры:
«Проза» аталымы Бірінші орын (1 орын) – 150 000 теңге;
Екінші орын (1 орын) – 100 000 теңге;
Үшінші орын (1 орын) – 50 000теңге; «Поэзия» аталымы Бірінші орын (1 орын) – 150 000 теңге; Екінші орын (1 орын) – 100 000 теңге; Үшінші орын (1 орын) – 50 000 теңге. Байқау жұмыстары А4 форматында, Times New Rоman қарпімен, 14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек. Байқауға ұсынылатын шығармалар