Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

ҮЗДІК ОҚЫРМАН ОТБАСЫЛАРЫ КІТАПХАНАДА

Аудандық балалар кітапханасында отбасы күніне орай "Отбасы - бақыт мекені" тақырыбында кездесу кеші өтті. 

Кездесуге ауылдағы үлгілі, кітап оқитын үздік оқырман отбасыларымыз Бейісовтер отбасы мен Қожағалиевтер отбасы қатысты. Кеш барысында өзіндік пікірлерін ортаға салған қонақтарымызға сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар тыңдалды. Отбасы мүшелері Інжу Нұрбекқызы , Раяна Мұрат ақиық  ақын М.Мақатаевтың " Ана", " Әке" өлеңдерін мәнерлеп оқып өнерлерін көрсетті.Өнер мектебінің оқушысы Ноғай Нұрдәулет Құрманғазының  "Балбырауын" күйі нақышына келтіре орындап берді. Сонымен қатар 4 сынып оқушылары І.Ғинаят, Н.Бауыржанқызының  тақпақтары кешті одан әрі жалғады.

"Отбасының жемісі - тәрбиелі ұл мен қыз" деген, мақтан етер ұрпағымыз көбейіп, қазыналы қарттарымыз көп болсын деген ізгі ниетпен кеш қорытындыланып, қонақтарға естелік-сыйлықтар табыс етілді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және  коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз