Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

“Қызылқоға” газетінің 70 жылдығына орай жас ақындар арасында мүшәйра өтеді

«Қызылқоға» газетінің 70 жылдығы аясында облыстық  жас ақындар арасында өтетін ақын, журналист Жолдығали Бақытовты еске алуға арналған «Өлеңім – менің өмірім» атты мүшәйраның ЕРЕЖЕСІ

  1. Жалпы ережелер:
    Мүшәйра аудандық «Қызылқоға» газетінің 70 жылдығы аясында «Атырау-Ақпарат» ЖШС қолдауымен, аудандық «Қызылқоға» газеті редакциясының ұйымдастыруымен өтеді.
    2. Мақсаты – шығармашыл жастардың шабытын шыңдау, ұзақ жыл «Қызылқоға» газетінің бас редакторы болған ақын, журналист Ж. Бақытовтың өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа ұлағат ету;
          2. Мүшәйраның шарттары мен талаптары:
    1) Жас ақындар мүшәйрасына 14 пен 35 жас аралығындағы шығармашыл, жазба ақындар қатыса алады.
    2) Мүшәйра қатысушылары  тақырыпты толық ашуы тиіс;

3) Арнау өлең бұрын еш жерде жарияланбаған, жаңа өлең болуы керек;

4) Бір қатысушыдан тек бір өлең қабылданады;
5) өлең-жырларда сөз қолданысы, тіл тазалығы, ұйқасы болуы шарт;
      3.Мүшәйраның өткізілу тәртібі
1. Мүшәйраны өткізу туралы хабарландыру аудандық «Қызылқоға» газеті мен әлеуметтік желілерде жарияланады.
2. Қатысушылар өздері туралы мәліметті (шығарған өлеңдері мен жұмыс, оқу орны, байланыс телефондары)  аудандық «Қызылқоға» газетінің Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электронды поштасына жіберуі тиіс.

  1. Мәтінді жібергенде «Мүшәйраға» деп оң жақ жоғары бұрышқа жазылуы керек.
    4.Өлеңдер 20 тамызға дейін қабылданып, ашық түрде қазылар алқасының сараптамасынан өтеді.
    5. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
    4.Мүшәйра қатысушыларын бағалау
    1. Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау үшін қазылар алқасы жасақталады. Қазылар алқасының құрамы филология, журналистика салаларының өкілдерінен құралады. Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады.
          5. Қосымша мәліметтер
    Мекен жайымыз: Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Қ. Сәтпаев көшесі №1 үй. Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Байланыс нөмірлері: 2-17-64, 2-17-38.  8 (701) 304-46-44 (Бауыржан),

8 (775) 220-83-90 (Дулат)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521